Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап

Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени іс-шарасы ұсынылады.

Акция аясында аталмыш жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

Төменде «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімі ұсынылады:

Поэзия  

1. Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».

2. Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».

3. Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».

4. Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».

5. Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».

6. Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».

Проза

1. Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».

2. Тобық Жармағамбетов «Отамалы».

3. Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».

4. Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».

5. Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».

6. Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».

Драматургия

1. Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.

2. Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.

3. Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі».

4. Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.

5. Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.

6. Сая Қасымбек «Жанталас».

Балалар әдебиеті

1. Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».

2. Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».

3. Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».

4. Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».

5. Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».

6. Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

Аударма

  1. Юсупов Кеңес

Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».

  1. Әдетов Бекболат

Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».

  1. Ахметов Әділ

Агата Кристи «Ғайып болған миллион».

  1. Меллат Төлеген

Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».

5. Мәзен Динара

Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».

6. Құрметұлы Амангелді

Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

Таңдалған шығармаларды насихаттау үшін жыл бойы кітапханада кітап көрмелері мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. «Бір ел – бір кітап» акциясы қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын дамытуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал етеді.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo