Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Birgemiz: ТҮЛЕК-2020»: оқу жылы 25 мамырда аяқталады

«Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» бітіру кештерін өткізудің тұжырымдамасы әзірленді. 3-4 маусымда 11-сынып түлектеріне аттестаттар табысталып, осы шара аясында соңғы қоңырау соғылады. Қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 25 мамырда аяқталып, сол күні 1-10 сынып оқушылары үшін қашықтық форматта сынып сағаттары өткізіледі.

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде вице-министр Шолпан Қаринова бітіру кештерін өткізудің форматын түсіндірді: биыл карантинге байланысты 3-4 маусымда салтанатты жиын мен аттестаттарды тапсыру бір күнде және әр бітіруші сынып үшін бөлек өткізіледі. Шара мектеп аумағында, ашық ауада, санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады. Түлектер мектеп формасын киіп, бетперде немесе респиратор тағуы керек және бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтауы тиіс. Салтанатты жиынға тек ата-аналар ғана қатыса алады, бөгде қонақтарды шақыруға тыйым салынады.

Оқу жылы дәстүрлі түрде 25 мамырда аяқталады. Бұл күні сынып жетекшілері 1-10 сынып оқушылары үшін онлайн режимінде, әр уақытта сынып сағаттарын ұйымдастырады. Іс-шараға шақырылған қонақтар, мысалы, ата-аналар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының өкілдері және т. б. қатыса алады.

 ҚР БҒМ

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/birgemiz-tulek-2020-25-maya-zavershitsya-uchebnyy-god?lang=kk

Қазақ
× You found a Typo