Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Бірінші курс таланттары» байқауында ТФжЖҚФ студенттері жеңіске жетті

«Бірінші курс таланттары» университеттік байқауы аяқталды. Гала-концертке барлық факультеттер қатысып, соңында жеңімпаздар жарияланды.

Байқауда Тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің студенттері жеңіске жетті. Олар кубок пен 100 мың теңге сертификатқа ие болды.

«Үздік жайдарман» аталымын «Десең иә» (ТФжХҚФ), «Үздік КВН» аталымын «Женсакая сумочка» (ЭжҚФ) командалары иеленді.

«Үздік көркемсөз» – ЭжҚФ, «Үздік бірегей жанр» – ППжМФ («Параллель» номері), «Алтын дауыс» – Венера Тілеубаева,  «Күміс дауыс» – Қырмызы Салауатова, «Үздік вокалдық дуэт» – ТФжХҚФ («Менімен биле» әні).

Би аталымдары төмендегідей бөлінді: «Үздік халық биі» – «Эстон биі» (ППжМФ), «Үздік эстрадалық би» – «В стиле Gatsby» (ЖҒжТФ), «Үздік әзіл би» – «Цирковые дети» нөмірі (ППжМФ), «Үздік спорттық би» – «Revolution» (ЭжҚФ), «Үздік заманауи би» – «We are the power» (ТФжХҚФ).

«Мистер Талант» аталымын Темірлан Теміртаев, «Мисс Талант» аталымын Аяулым Мұхаметқалиева иеленді, «Үздік конферансье» болып Талшын Нұрланова, Ислана Ластаева, Әсел  Ерікова, Қазыбек Тоқтарбаев атанды.

Сондай-ақ, қосымша аталымдар да болды: «Үздік бейнеролик» – «Экономы-семья» (ЭжҚФ), «Қазыларға арналған үздік бағдарлама дизайны» – ТФжХҚФ.

Барлық жеңімпаздарға ректордың қолы қойылған грамоталар табысталды.

Алда «Студент көктемі-2019» байқауы келе жатыр, онда да дарынды жастар өз өнерлерін көрсету мүмкіндігіне ие болмақ.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo