Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен бірлесіп, 4 курс студенттерімен ақпараттық кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында студенттер магистратураға түсу ережелері туралы толық ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын жеке-жеке қойды. Магистратурада оқуды жалғастыру туралы толығырақ білгісі келетін студенттер №1 оқу корпусының №231 кабинетіне немесе 8 (7232) 540 157 нөміріне хабарласуы қажет.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы