Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биыл 400 ШҚО әкімінің гранты және 20 мың республикалық грант бөлінді

Биыл Шығыс Қазақстанда мектепті 10 мыңдай бала бітірді, оның 680-і оқу озаттары, «Алтын белгі» иегерлері, бұл былтырмен салыстырғанда 130 оқушыға көп.

– Сендер – облысымыздың мақтанышы болып отырсыздар. Қазіргі заманда білім сапасы жоғары бағаланады. Облысымыз аталмыш салаға жіті көңіл бөлуде. Өткен жылы алғаш рет қажетті мамандықтар бойынша 200 облыс әкімінің гранты өңірлік университеттерге бөлінді. Биыл гранттар саны 400-ге өсті. Қосымша 20 мың республикалық грант берілмек. Облыста сұранысқа ие мамандықтарды даярлайтын мүмкіндік бар. Кәсіби маман атанған соң ұстаздарыңды, ұшқан ұяларыңды ұмыпаңдар. Сендерге білім нәрін беріп, табысқа жетуге себепкер болған – солар, – деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Салтанатты кеш дәстүрлі соңғы мектеп вальсімен аяқталды.  

Баспасөз қызметі, 

Суреттер ШҚО Ақпараттық орталығынан алынды

Қазақ
× You found a Typo