Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биыл алғаш рет ғылыми жобаларға арналған гранттардың жаңа түрлері қарастырылды

2020 жылғы 5 мамырда 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға екі конкурс жарияланды. Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ғылымды дамытудың сегіз басым бағыты бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша жариялады.

Гранттық қаржыландырудың дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа түрлері де енгізілді.

Біріншіден, жеке немесе бес адамға дейінгі зерттеу топтарының жекелеген ғылыми міндеттерді шешуіне бағытталған, мерзімі 12 айға дейінгі шағын гранттар.

Екіншіден, шетелдік ғалымдармен және ғылыми ұжымдармен ынтымақтастық аясында ірі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған 27 ай мерзімге берілетін халықаралық коллаборацияға арналған гранттар.

Айта кетерлігі, биыл ғылыми жобаларға арналған гранттардың жаңа түрлері қарастырылған. Сонымен қатар, ғылымның нәтижелі болуын арттыру мақсатында ғылыми жетекшілер мен ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардан күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар да артты.

Конкурстық өтінімдер 2020 жылғы 11 мамыр мен 26 маусым аралығында https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша «ҰМҒТСО» АҚ  ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде қабылданады.

Қосымша ақпарат үшін сілтемелер:

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/obyavlenie-o-provedenii-konkursa-na-grantovoe-finansirovanie-po-nauchnym-i-ili-nauchno-tehnicheskim-proektam-na-2020-2022-gody-so-srokom-realizacii-27-mesyacev

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/obyavlenie-o-provedenii-konkursa-na-grantovoe-finansirovanie-po-nauchnym-i-ili-nauchno-tehnicheskim-proektam-na-2020-2022-gody-so-srokom-realizacii-12-mesyacev

Ресми интернет-ресурс Қазақстан Республикасының білім және  ғылым Министрлігі

Қазақ
× You found a Typo