Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биыл ШҚМУ-ға 20 мықты спортшы оқуға түсті

Дене шынықтыру және спорт кафедрасына 20 танымал спортшы студент болып түсті, олардың 11-і – спорт шеберлері. 

– Биыл дене шынықтыру және спорт мамандығына 11 республиканың спорт шебері түсті. Олардың ішінде ауыр атлетші Лидия Ануфриева, таэквондошы Қаби Мақсат, хоккейші Екатерина Куценко, акробатшы Надежда Бухарина, дзюдошы Анастасия Котова, кикбоксшы Серікбол Ермеков, волейболшы Елена Малахова бар, – дейді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Сондай-ақ, мықты хоккейшілер – Данил Васильев, Тимофей Катасонов, Константин Бондаренко, Никита Ляпунов, Владислав Кравченко, Сергей Ивашов ШҚМУ-дың бірінші курс студенттері атанып отыр.

Мұнымен қоса, «Алтай» клубының волейболшылары Айсұлу Әшімханова, Александра Белякова, Диана Ноғамбаева, Ерзат Ерланұлы, Кирилл Иванов, Дархан Мерғазин, Василий Плотников та университетке оқуға түскен.

ЖОО ректорының айтуынша, спортшы студенттер – университет мақтанышы.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo