Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биыл түрлі деңгейдегі бірнеше мерейтой аталып өтпек

Бастысы – Абайдың 175 жылдығы. Сондай-ақ, ұлы ақынның «Когда станет длинною тень…» және «Жазғытұрым» өлеңдеріне 130 жыл толады. 25 жыл бұрын Семейдегі Абай кешенінің жаңа бөлігі және Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесі ашылған болатын.  

Тағы бір маңызды даталар – ұлы ғалым Әл-Фарабидің (870-950) 1150 жылдығы, Қазақ хандығының  555 жылдығы, ғалым-саяхатшы Шоқанның (1835-1865) 185 жылдығы, Алтайдағы кен орындарын ашушы Филипп Риддердің (1760-1838) 260 жылдығы, Өскеменнің 300 жылдығы, өлкемізді зерттеуші саяхатшы Григорий Потаниннің (1835-1920) 185 жылдығы.

Биыл С. Аманжолов әзірлеген қазақ кирилл әліпбиіне 80 жыл толады.

Осы жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл болады.

Жерлестеріміз, Кеңес одағының бес батырының мерейтойы аталады, 110 жылФедор Туров, 110 жылПавел Кольцов, 105 жылВладимир Мыза, 100 жыл – Төлеген Тоқтаров, 95 жыл Иван Ландышев.  

6 шілдеде Елбасы 80 жасқа толады.

1 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінің 100 жылдығы, 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, 30 тамызда Ата заңның 25 жылдығы аталады.

Өзге мерейтойлар қатарында, алаш ақыны Міржақып Дулатовтың 135 жылдығы, жерлес жазушы Сапарғали Бегалиннің 125 жылдығы, зайсандық ақын Павел Васильевтің 110 жылдығы, ұстаз Қанипа Бітібаеваның 75 жылдығы, олимпиада чемпионы Борис Александровтың, ұстаз Құмаш Нұрғалиевтің 95 жылдығы.

Өскемендегі этноауылға 10 жыл, хайуанаттар бағына 20 жыл, диагностикалық орталыққа 25 жыл, Ертіс көпіріне 50 жыл, өнер колледжіне 65 жыл, әуежайға 85 жыл, Жамбыл мектебіне 100 жыл болады.

Сонымен қатар, ШҚМУ ғалымдары Люция Абдуллина, Фарзана Ахметжанова, Шынар Құрманбаева, Амантай Жылқыбаева, Константин Прокопов, Марат Магзумов,  Айжан Қартаева мерейтойларын атап өтпек.  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo