Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биыл ҰБТ-ға 6700 ШҚО-ның түлегі қатысады

Биыл өңір мектептерін тәмамдаған 8490 түлектің 6700-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Бұл барлық түлектердің 78,5 пайызын құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ұлттық тестілеуден өтуге ниет білдірушілер саны 8 пайызға артып отыр.

– Облыстағы 16 тестілеу пункті толықтай дайын. Оның төртеуі жоғары оқу орындарында, 12-сі аудандық және қалалық пункттерде ұйымдастырылған. Тестілеу барлығы 83 аудиторияда өткізіледі. Барлық аудиториялар 110 ұялы байланысты бұғаттау құралдарымен, 12 жиектемелі және 39 қолда ұстайтын металл іздегіштермен, тестілеудің өткізілу барысын бақылайтын 120 бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Барлық 83 аудиторияда және пункттерде онлайн трансляцияны бақылауға мүмкіндік беретін мониторлар орнатылды. Биылдан бастап түлектеріміз тестілеуден бірнеше рет өте алады. Бұл дегеніміз олардың жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін арттырады. Түлектеріміздің алған білімдерінің сапалы екендіктерін дәлелдеуге мүмкіндігі мол. Оларға тестілеу сынағында сәттілік тілеймін! – деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген негізгі жаңалық тестілеу төрт рет өткізіледі. Ақылы түрде оқуға тілек білдірушілер тестілеуден қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өте алады. Қаңтар, наурыз айларында 5802 мектеп бітіруші қатысты. Бұл жалпы түлек санының 68,2 пайызын құрайды.

Білім гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеу осы 22-26 маусым аралығында өтеді.

Тестілеу пунктттерінде санитарлық және өртке қарсы нормалар сақталады. Медициналық қызметкерлер, құқық қорғау органдарының және өртке қарсы қауіпсіздік қызметі өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Мамандардың айтуынша, тексеру барысында тыйым салынған заттар табылса немесе ҰБТ ережелерін бұзған жағдайда тестілеу нәтижесі жарамсыз болып саналады.

Тестілеу бес пән бойынша өткізіледі: үш пәннен міндетті және таңдап алған мамандығына сәйкес екі бейінді пәндер бойынша. Барлығы 120 тест тапсырмасы бар. Ең жоғары балл – 140. Биыл тест тапсырмаларының базасы 30 пайызға жаңартылған.

– Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу кезінде мектеп бітірушілер жатын орынмен, тасымалдаумен, тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу және ҰБТ өткізу мониторингісі үшін білім бөлімдерінің басшыларынан, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатарынан мемлекеттік комиссиялар құрылды, – деді білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова.

Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo