Биылғы жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқу формасының барлық түрлері бойынша 2 мыңнан астам талапкер оқуға түсті.
Олардың ішінде 63-і «Алтын белгі» иегерлері, 89 талапкер мектепті үздік бітіргендер және республикалық олимпиада жеңімпаздары.
1 курсқа түскендердің 884-і бюджеттік орынға, соның ішінде 207 адам «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша, 400-ден астам грант республикалық білім беру тапсырмасы шеңберінде және ШҚО әкімі Д. Ахметовтың қолдауымен 180-нен астам талапкер жергілікті атқару органдарының грантын иеленді.
Магистратураға 100-ден астам және Жоғарғы колледжге 242 талапкер оқуға түсті. Бүгінде университетте жалпы 6,5 мыңнан астам адам білім алуда.
Баспасөз қызметі