Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Біздің қазіргі қазақстандық мәдениеттегі әлемге мақтанышпен айтарлық құбылыс» (ой-толғау)

Байырғы қазақ жерінен келе жатқан ата-баба мұрасын жас ұрпаққа дәріптеп, бүгінгі күнге жеткізіп отырған қазына – салт-дәстүр, әдебиетіміз бен мәдениетіміз.  

Біздің әр уақытта қандай қиыншылық болмасын бой бермей, асуларды бағындыра білген мемлекетіміз жаңа тарихқа нық сеніммен қадам басты. Осы орайда еліміздің өнеркәсібі, білімі, мәдениеті, ғылымы, экономикасы дамуы үшін алға үлкен мақсат қойып соны жүзеге асыруға зор талпыныстар жасалуда.

Соның бірегейі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – бүгінгі күндегі ең өзекті, жауапкершілігі қиын, үлкен үміт арқалаған жобалардың бірі. Күллі әлем көз алдымызда күннен-күнге өзгеріп, өркендеуде.

Ел болып дамып, өркендеуге керекті қаланатын кірпіштің бір бөлігі – салт-дәстүр, әдебиетіміз бен мәдениетіміз. Мемлекет болып жаңғыру ең алдымен тәрбиеден, дәстүрден бастау алады. Қазіргі таңдағы еліміздің мәдениетінде мақтанышпен айтарлық феномен –қазақилығымызды айшықтап тұратын қонақжайлылық пен төзімділікке негізделген салт-дәстүріміз.

Бұған бірнеше мысалды атап көрсетуге болады: Біріншіден, салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Екіншіден, қазақ халқына тән дәстүрлі қонақжайлық қасиет. Бұл қасиет көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Шетел зерттеушілерінің өзі бұл қайсар елдің жылы жүзділігі мен қонақжайлылығына таңдана да тамсана қараған. Бұл өзге елде жоқ қазақ ұлтының бойына қанмен сіңген салт-санасы.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерімізді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білгеніміз жөн. Рухани жаңғыру ең бірінші ұлттық-рухани тамырдан нәр ала білуі керек.

Елімнің тарихы мен салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діні ете отырып, әрбір қадамын нық басса деймін. Келешек ұрпаққа кемел жолды қалдыру үшін халқымыздың кешпеген сазы қалмаған. Сол еңбектің жемісін тайға таңба басқандай етіп, мақтанышпен айтсақ артық етпес.

Қорыта келгенде, дамыған 30 елдің қатарына еніп, іргесі берік ел болу біздің қолымызда.

Осындай жобалар еліміздің жарқын болашағының кепілі боларына сеніммен қараймыз!

Эльмира Орманбек,

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті,

«Біздің қазіргі қазақстандық мәдениеттегі әлемге мақтанышпен айтарлық құбылыс» эссе байқауындағы 3 орын

Қазақ
× You found a Typo