Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Біздің қазынамыз: Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраның тарихы

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – бұл 70 жылдық тарихы және еліміздің Шығысындағы жоғары кәсіби кадрларды даярлау саласының көшбасшысы деген биік беделі бар жоғары оқу орны. Осындай беделді университет үшін қазіргі заманғы әскери кафедраның ашылуы дамудың жаңа бір маңызды қадамы болды.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ әскери кафедрасының тарихы 2019 жылдың 11 мамырынан, яғни Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың бұйрығы шыққан кезден басталады. Бұған дейін материалдық-техникалық базаны құру және оқытушыларды – өз ісінің нағыз мамандарын шақыру бойынша үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді.

Студенттерді әскери дайындаудың өзектілігін анық түсінген Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор Мұхар Әділбекұлы Төлегеннің стратегиялық ойлау қабілеті мен табандылығының, сондай-ақ бүкіл ұжымның бірлескен күш-жігерінің арқасында университетіміздің тарихында алғаш рет көптеген студенттердің арманы – жоғары оқу орнында оқи жүріп офицерлік атақ алудың нақты мүмкіндігі іске асырылды.

Әскери кафедраның салтанатты ашылуы 2019 жылдың 28 мамырында өтті. Ол жоғары оқу орнының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуға, Қорғаныс министрлігінің жоғары дәрежелі офицерлерді даярлаудағы сұранысын қанағаттандыруға және жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеуге өз үлесін қосуға дайындығын көрсететін маңызды оқиға ретінде университет тарихына енді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің 2019 жылғы 30 мамырдағы №12 шешімімен және университет ректоры М.Ә. Төлегеннің 2019 жылғы 10 шілдедегі №261 бұйрығымен әскери кафедраға жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі, қолбасшы, даңқты жауынгер Қабанбай батырдың есімі берілді. Қабанбай батыр туған жерін жаудан азат ету үшін 103 шайқасқа қатысып, бірде-біреуінде жеңіліс таппады, бұл – қазіргі жастар үшін лайықты үлгі.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық алынатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Оның мақсаты – еліміздің жұмылдыру резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қарулы Күштер офицерлік құрамының лауазымдарын қосымша жасақтау.

Кафедра Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 7 мекенжайындағы №2 оқу ғимаратында орналасқан. Аудиториялық қордың көлемі барлық оқытылатын пәндер бойынша сабақтарды сапалы өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, №2 оқу корпусының аумағында саптық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған плац және жалпы әскери пәндер бойынша сабақтарға арналған тактикалық алаң бар.

2019 жылы Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Б. Ермекбаев бекіткен жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді қабылдау жоспары негізінде университеттің әскери кафедрасында оқуға келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша 45 грант бөлінді: аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау; психологиялық жұмысты ұйымдастыру; құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.

Оқуды аяқтағаннан кейін әскери даярлық курсын бітірген студенттер ЖОО бітіргені туралы дипломмен қатар запастағы офицердің жеке куәлігін де алып шығады. Түлектер Қорғаныс министрлігінде, әскери бөлімдерде, әскери полицияда, сондай-ақ білімді, батыл әрі жауапты мамандар қажет етілетін басқа да құрылымдарда еңбек ете алады.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың әскери кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo