Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Біздің қазынамыз: ШҚУ ғылыми кітапханасының сирек кітаптар қоры

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғылыми кітапханасының сирек кітаптар қоры университеттің ерекше құндылығы болып табылады. Оның құрамына XVIII, XIX, XX ғасырлардағы 10 мыңнан астам басылым енеді.

Бұл – орыс және еуропа тілдеріндегі – ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі білімнің барлық салалары бойынша кітаптар, брошюралар, журналдар, газеттер, атластар және бейнелеу материалдары.

Қорда сирек кітаптардан басқа мемориалдық коллекциялар, журналдар, газеттер, атластар және бейнелеу материалдары сақтаулы.

1968 жылы құрылған кітапхананың сирек кітаптар қоры қазіргі уақытта Қазақстанның ең ірі көне қоймаларының бірі болып табылады.

XVIII ғасырдағы кітаптар мен мерзімді басылымдар жинағында Екатерина II дәуірінің басылымдары, Сумароковтың басылымдары, Новиков баспаханасының басылымдары, Ресейде шыққан шет тілдеріндегі кітаптар бар.

Қор құрамында екі қолжазба – XIX ғасыр ескерткіштері бар.

Бірнеше мың томда XIX ғасырдың басылымдары мен мерзімді басылымдары жинақталған. Олардың қатарында 1825 жылға дейін басылып шыққан мерзімді басылымдар, қолтаңбалары, маргиналдары, экслибристері бар кітаптар бар.

Иш-Мұхаммед Букиннің «Русско-киргизский и киргизско-русский словарь» атты сөздігі үлкен мәнге ие. Біріншіден, бұл қазақ-орыс және орыс-қазақ сөздіктерін құрастырудағы алғашқы тәжірибелердің бірі. Екіншіден, ол сөздер мен ұғымдарды қазақ, орыс тілдерінен басқа, араб тілінде де түсіндіреді. Үшіншіден, қазақ халқының лексикасын құрайтын сөздерді жинап, ретке келтіруге жасалған алғашқы әрекет болып саналады. «Русско-киргизский и киргизско-русский словарь» 1883 жылы Түркістан өлкесінің жоғары оқу басшылығының рұқсатымен Ташкент қаласында С.И.Лахтиннің Типо-Литографиясында жарық көрді.

Сирек қордың коллекциясы үнемі жұмыс істейді, оны студенттер, оқытушылар, ғалымдар, журналистер пайдаланады. Оқырмандарға көмек ретінде кітапхана «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасының сирек қоры» материалдар сериясын әзірледі, оның алғашқы басылымы 2009 жылы жарық көрді.

Коллекцияның сақталуын қамтамасыз ету және ол туралы ақпаратты ілгерілету мақсатында университет кітапханасы бірқатар жобаларды, соның ішінде сирек кітаптарды цифрлау және «Сирек кітап» http://library.vkgu.kz/rarefund сайтын жүргізу.

Бүгінгі таңда барлығы 400-ге жуық сирек кітаптар цифрландырылды.

Сирек кітаптар қорының қызметкерлері үнемі каталогтау және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізеді, бұдан басқа, қордың неғұрлым құнды бөлігінің электрондық каталогы жасалуда.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo