Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Біздің магистранттар Адам Мицкевич атындағы Университетте (Польша)

«Биология» мамандығының 1-курс магистранттары 1-10 маусым аралығында Польшаның Познань қаласында, Адам Мицкевич атындағы Университетте ғылыми тағлымдамадан өтті. Тағлымдама мақсаты – далалық және зертханалық зерттеулердің жаңаша әдістерімен танысу және таңдаулы әдістердің көмегімен диссертация тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Сіздердің назарларынызға магистранттардың шетелдік ғылыми тағлымдамадан алған әсерін ұсынамыз.

Бізді биология ғылымдарының докторы, тәжірибешілер қамқоршысы Збигнев Целька қарсы алды. Збигнев біз үшін жай ғана қамқоршы емес, әрдайым көмекке келетін әрі бүкіл тәжірибе кезінде бағыттап отыратын дос бола білді.

Қамқоршымызбен танысқаннан соң, биология факультетінің деканы – профессор Богдан Яцковякпен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге профессор Кароль Лятовский және Збигнев Целька да қатысты. Кездесу кезінде тағлымдама  бағдарламасы мен шетелдік ұйымның құрылымы жайлы сөз қозғалды.

Қамқоршымыздың ұйымдастырылған жұмысының арқасында сөзбен жеткізе алмастай керемет жерлерді араладық, оларға келер болсақ: Ұлы Польшаның ұлттық паркі, Өсімдіктерді қорғау Институты, Ледницадағы Бірінші Пясттер Музейі, Дендрология Институты, Жалпы Ботаника кафедрасының зертханалары, Адам Мицкевич атындағы Университеттің Ботаникалық бағы, Таксономия кафедрасының гербарийі, компьютерлік зертхана мен биология факультетінің кітапханасы.

Сондай-ақ біз биология факультетінің докторанттарының қорғау жұмысына қатысу мүмкіндігіне ие болып, университеттің магистрант,  докторанттарымен таныстық. Тәжірибемен қатар Познань қаласын аралауды да ұмытқан емеспіз. Қаланың кереметттей жанды жаулап алар тарихымен танысып, сұлулығына тәнті болдық.

Әр кездесуден біз диссертация тақырыбына сай көлемді ақпарат алдық. Биология факультетінің профессорлары, бақ, зертхана қызметкерлері біздің қойған сұрағымызға жауап қана бермей, қажет ұсыныстар мен нұсқаулар айта білді.

Тағлымдама соңында биология факультетінің профессорлары қатысқан ғылыми семинар өтті. Қазақстан жайлы, еліміздің флорасы мен университетімізде жасап жүрген жұмыстарымыз жайлы шағын бейнебаян жасадық. Тағлымдама қорытындылары бойынша Познань қаласының Адам Мицкевич атындағы Университінде ғылыми тағлымдамадан өтті деген сертификаттармен марапатталдық.

Сөз соңында биология факультетінің деканы - профессор Богдан Яцковяк пен факультет профессорлары, барлық қызметкерлерге және қамқоршымыз Збигнев Целькаға алғыс білдіреміз. Адам Мицкевич атындағы университет өркендей берсін, ал қызметкерлеріне денсаулық пен табыс тілейміз.

 

 

Қазақ
× You found a Typo