Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Біздің №1»/«Наш №1»/«Our №1» XVI облыстық жастар форумының

Қаламызда, қараша айының 18-қараша күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Президент күніне орай ұйымдастырылған XVI  облыстық «Біздің #1» форумының  ресми бөлімі «Балл» форматында өтті.

Шараға облыс аумағында  түрлі салада қызмет атқарып жүрген 150-ден астам жұп қатысты.

Сонымен қатар, мерекелік кеш барысында облыс әкімі белсенді жастарды 7 номинация бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы «Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығымен марапаттады. Балда өте жоғары деңгейде өтті.

Оқу ордамыздан мерекелік кешке белсенді студенттер шақырылған болатын.

Және кеш барысында, университетіміздің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, физика мамандағының 3-курс студенті Батырбай Әбілxайыр Темірxанұлына жастар саясатын жүйелі іске асыруға үлес қосып, оң азаматтық ұстаным танытқаны үшін Алғыс xат берілді.

Қаламызда белсенді де,білікті жастардың басын қосар осындай мерекелік кештер көп бола берсін дейміз. Ұйымдастырушыларға осындай жақсы көңіл-күй сыйлаған мерекелік кеш үшін алғыс білдіреміз!

Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығының 1 курс студенті Ильяс Інжу

Қазақ
× You found a Typo