Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Біздің түлектер: «Х-фактор» тележобасының жеңімпазы, «Inspire Studio» эстрадалық вокал студиясының негізін қалаушы Е.Выблов

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Музыкалық білім» мамандығы бойынша түлегі Евгений Выблов өз кәсібі ретінде музыканы таңдап, көптеген фестивальдар мен конкурстардың лауреаты және дипломанты атанды, «Inspire Studio» эстрадалық вокал студиясын құрды, танымал «Х-фактор-2014» тележобасында жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта ол 2000 жылдан 2010 жылға дейін өзі өсіп, тәрбиеленген «Үміт» балалар үйінде музыкалық жетекші, педагог-ұйымдастырушы ретінде жұмыс істейді.

Евгений Анатольевич Выблов (16.10.1990 ж.т.) – қалалық, облыстық фестивальдар мен байқаулардың дипломанты, I республикалық «Таң Шолпан» балалар шығармашылығы фестивалінің лауреаты (Алматы қ., 2001 ж.), облыстық «Махаббатпен» балалар шығармашылығы фестивалінің, халықаралық «Little Stars» (Словакия-Франция-Италия-Аустрия) фестивалінің І дәрежелі лауреаты (2003 ж.), «Әнші болғым келеді» телевизиялық байқауының (2004 ж.), республикалық «Әнші балапан» конкурсының (Алматы қ., 2004 ж.), «little stars» халықаралық фестивалінің (Вена-Зальцбург-Мюнхен-Ницца-Канны-Монако-Венеция) гран-при иегері, республикалық Абай оқулары байқауының ІІІ дәрежелі дипломанты (2005 ж.), «Созвездие дружбы» (Мәскеу қ., 2006 ж.), «Мы вместе» Единая Россия ұлтаралық фестивалінің І дәрежелі лауреаты (Барнаул қ., 2006 ж.), «Сибирская чайхана» фестивалінің лауреаты (Новосібір қ., 2006 ж.), «Кастальский ключ» халықаралық фестивалінің 2 орын иегері (Санкт-Петербор қ., 2008 ж.), Қазақстандағы Чехия елшілігі ұйымдастырған «Споемте, друзья» (Астана қ., 2009 ж.) Еуропалық мемлекеттер достастығы халықаралық фестивалінің лауреаты, Түркияда өткен халықаралық фестивальда құрметті қонақ ретінде өнер көрсетті (Фетхие қ., 2011 ж.), «Х-фактор» танымал тележобасының қатысушысы (2012 ж.), аталмыш тележобаның жеңімпазы (2014 ж.).

Облыстың және еліміздің музыкалық шығармашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Е.А.Выблов «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo