Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Біздің түлектер: Никита Дерябин Санкт-Петербор қаласындағы Мәдениет институтына оқуға түсті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының түлегі, «Авангард» студенттік театр-студиясының негізін құрушы және режиссері Никита Дерябин Санкт-Петербор қаласындағы (Ресей) Мәдениет институтына «Әуесқой театрды басқару» мамандығына оқуға түсті.

«Журналистика» мамандығының 1 курс студенті Никита Дерябин өзінің «Чума на оба ваши дома» атты бірінші спектаклін қойған болатын. Премьерада ол өзін талантты режиссер ретінде ғана емес, сонымен қатар қызықты актер ретінде де танытты.

– Актер ретінде біздің әртістермен бір ұжымда жұмыс істеп, спектакльдің осы сиқырлы ортасына түсіп, сахнада тағы бір өмір сүру –керемет және бұл сезімдерді сөзбен жеткізу мүмкін емес, – деген еді премьерадан кейін Н. Дерябин.

Осыдан кейін көптеген басқа қойылымдар болды және Никита режиссер және актер ретінде көрерменге танылды. Ірі жеңістері арасында – Барнаул қаласында (Ресей) өткен «Облепиха» IV халықаралық жастар және студенттік театрлар фестиваль-байқауының «Авторлық бейне» номинациясындағы II орын.

Тағы бір абсолютті жеңісі болды – 10-шы Француз әндері байқауының жартылай финалындағы 1 орын, онда жан-жақты дарынды студент өзін талантты вокалист ретінде көрсетті.

– 2020 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін мен Санкт-Петербор қаласының Мәдениет институтына, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Екатерина Дмитриевна Толубееваның курсына, «Әуесқой театрды басқару» мамандығына оқуға түстім, сондай-ақ грантта оқып жатқаныма өте қуаныштымын! Мен шынымен оқудан ләззат аламын, өйткені мен көптен армандаған іспен айналысамын және өмірде өз орнымды тапқандай сезінемін. Біздің курстың шебері – Г.А. Товстоногов атындағы Үлкен драма театрының жетекші әртісі Екатерина Толубеева театрға деген адалдық пен шынайы қызметтің үлгісін көрсетеді және әр сабақта режиссер мен актерді тәрбиелеудің маңызды сәті – диалогқа назар аударады. Бізді тыңдайды, естиді, ең бастысы сөйлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бізде режиссура, сахналық сөйлеу, хореография, сахналық қозғалыс, вокал және тағы басқалар оқытылады, – деп университет түлегі алғашқы әсерлерімен бөлісті.

Петербордағы Мәдениет институты – мәдениет және өнер саласындағы мамандарды даярлайтын және біліктілігін арттыратын беделді және ірі университеттердің бірі, Ресейдегі гуманитарлық шығармашылық білімнің көшбасшысы.

Никита, сонымен қатар, Ресейдің мәдени астанасы, әлемдегі ең үлкен мегаполистердің бірі, әдемі Петербор туралы өз әсерлерімен бөлісті.

– Көптеген әсерлер бар және олар, ең алдымен, қала тұрған орынмен байланысты. Санкт-Петербор – сиқырлы қала. Жүздеген көпірлер, каналдар, шіркеулер, керемет әдемі үйлер, саябақтар мен мұражайлар! Мұнда бәрі өнер мен мәдениетке дем береді, ал ең бастысы театрлар – жертөлелердегі әуесқой тетарлардан бастап аңызға айналған БДТ, Михайловский және Мариинский театрлары осында!

Ауа райына бейімделу өте қиын болды, Фин шығанағының мұзды желдерімен бірге Петербордың ылғалды климаты қатты сезінді, бірақ бәрі ойдағыдай өтті, – деді Н. Дерябин.

Никита оқу мен өмірдің мүлдем жаңа, ерекше таңғажайып атмосферасына енгеніне қарамастан, «Журналистика» мамандығы бойынша алғашқы жоғары білім алған оқу ордасын ұмытпайды.

– Менің бүгінгі сыныптастарымның барлығы тәжірибелі адамдар, не әуесқой театр ұжымдарының әртістері мен режиссерлері, не ірі қалалық театрлардың өкілдері, демек, бәріміз бір деңгейде екендігімізге қарамастан, барлығының деңгейі өте жоғары, бұл әрине қуантады.

Алайда, мен ШҚМУ-дағы керемет жылдарды ұмытпаймын, өйткені дәл сол жерде өзімнің шығармашылық әлеуетімді барынша толық ашуға мүмкіндік алдым. Мен 1 курста құрған «Авангард» театры әлі күнге дейін өз жұмысын басқа режиссер, менің шәкіртім Анастасия Эрмельдің жетекшілігімен жалғасып, жаңа қойылымға дайындалуда. Бұл үшін мен университетке, менің оқытушыларыма – Люция Ильдаровна Абдулинаға, Татьяна Владимировна Галкинаға, Лариса Николаевна Демченкоға, Наталья Владимировна Будниковаға және, әрине, мен терең құрметтеймін, проректор Ирина Владимировна Ровняковаға және ректор Мұхтар Әділбекұлы Төлегенге ризамын! Бұл адамдарсыз көп нәрсе болмас еді, мүмкін арманым орындалмас та еді! – деп атап өтті Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің түлегі және Санкт-Петербор Мәдениет институтының студенті.

2015 жылы 25 желтоқсанда құрылған «Авангард» театры биыл өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтеді. Өзінің бесжылдығында ұжым да, оның негізін қалаушы да жаңа кезеңді бастады. Оларға жаңа табыстар тілейміз!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo