Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Болашағы біртұтас ұлт» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

22 сәуірде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, «Болашағы біртұтас ұлт» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Конференция шеңберінде ЖОО, колледж студенттері және мектеп оқушыларының қатысуымен «Менің мамандығым – болашақтың стратегиясы» әлеуметтік жобалар байқауын өткізу жоспарлануда.

Аталмыш конференцияның екінші бөлімінде «Білім алушыларды азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеудегі білім беру мекемелерінің мәселелері мен маңызды міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ. Оған оқытушылар мен тәрбие ісі жөніндегі мамандар, педагогикалық қызметкерлер, магистранттар мен студенттік қоғамдық ұйым өкілдері, қосымша білім беру жүйесінің педагогтары қатысады.

Жұмыс тілі қазақша және орысша.

Өткізу уақыты:

9.30-10.00 – «Менің мамандығым – болашақтың стратегиясы» әлеуметтік жобалар байқауының қатысушыларды тіркеу әкімшілік ғимарат С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан көшесі, 55, «Назарбаевтану» ҒБО.

10.00- 12.30 – әлеуметтік жобаларды қорғау

13.30-14.00- дөңгелек үстел қатысушыларын тіркеу

14.00-15.30 – дөңгелек үстел отырысы

15.30- 16.00- қорытындылау, дипломдар мен сертификаттар табыстау

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo