Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Bolashak Business Competition» бизнес-кейстерді шешу ойынына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды

«Болашақ» Қауымдастығы 28 сәуірде бизнес-кейстерді шешуге арналған халықаралық зияткерлік «Bolashak Business Competition» ойынын өткізуді жоспарлауда. Бұл көлемді білім беру іс-шарасы кейс-чемпионат форматында өтеді.

Сайыстың мақсаты бизнес-дағдыларды қалыптастырып, теориялық білімді практикада қолдану.

Тартылған сарапшылар мен әділ қазылар құрамы ірі компаниялар мен инвесторлар және сарапшылардан құралған.

Жарысқа қатысуға Қазақстанның және ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарының студенттері шақырылады. Топта бакалавриат және магистратура (МВА басқа) студенттерінен тұратын 4 адам болуы тиіс.

Өтінімдер 7 сәуірге дейін ойынның ресми сайтында қабылданады - https://hipo.kz/bolashak-business-competition.

Қатысушы топтар үшін шешу үшін қазақстандық бизнес-кейстер жинағы «Bolashak Business Cases» тапсырмаларф жолданатын болады.

Бизнес-кейстерді шешу ойыны 3 кезеңде өткізіледі.

Алғашқы кезеңде Өтінімдер жиналады. Өтінім қабылдау уақыты аяқталған соң, электрондық поштаға келісім хаты және бизнес кейс жолданады.

Бизнес-кейстерді шешу үшін топқа тапсырма жіберілген күннен бастап 7 күн уақыт беріледі.

Екінші кезеңде сарапшы комиссия топтар жіберген презентацияларды бағалайды.

Жұмыс қорытындысы бойынша комиссия финалға өткен 10 топты анықтайды.

Үшінші кезең - ақтық мәре. Финалдан 7 күн бұрын топтарға финалдық кейс жіберіледі. Ақтық мәреге шыққан топтар 20 минут ішінде қазылар алқасына өз шешімдерін таныстырады.

Финал қорытындысы бойынша, І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталады.

Ақтық мәре бір күн ішінде Almaty Management University қабырғасында, әртүрлі сала сарапшыларының қатысуымен өтеді.

Ұйымдастырушылар мен серіктестер: «Болашақ» Қауымдастығы, Almaty Management Unuversity, Mckinsey & Company.

Жоба демеушісі Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) компаниясы.

«Болашақ» Қауымдастығының баспасөзі,

http://edu.gov.kz/kz

Қазақ
× You found a Typo