Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Болашақ филолог» атты олимпиада өтті

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы мен маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы ШҚО білім алушылары арасында «Болашақ филолог» атты олимпиада өткізді.

Олимпиадаға облыс мектептерінен барлығы 54 оқушы қатысып, білім сайысына түсті.

Олимпиада салтанатты түрде ашылып, кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор А.М.Картаева оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

І орынды Өскемен қаласы №47 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бадигулова Айдана, ІІ орынды Ұлан ауданы Р.Марсеков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бейсенғазы Айым, ІІІ орынды Тұрғазыева Дильназ жеңіп алды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын таңдаған оқушылар олимпиадаға терең біліммен келгендерін көрсетті.

Олимпиада соңында аталған мамандық студенттері өнерлерін ортаға салды. Шараны ұйымдастырып өткізуге кафедра оқытушылары мен магистранттар белсене атсалысты.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo