Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Болашақ филолог» атты пән олимпиадасының қорытындысы

30 қараша күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы және ЖОО - на дейінгі маркетинг орталығы облыс мектептерінің 10-11 сынып арасында пән олимпиадасы мен мектеп мұғалімдеріне ғылыми - әдістемелік семинар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Олимпиаданың нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен: Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің оқушысы Қалитова Балдырған бір жылдық ректор грантына ұсынылып, сертификаты берілді.

1 – орын: Өскемен қаласы №3 мектеп-лицейінің 11 сынап оқушысы - Бақытбекқызы Жансаяға; 2 – орын: Өскемен қаласы №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Исаева Балсаяға; 3 – орын: Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мектеп-гимназия-интернатының 11сынып оқушысы Серікжанова Еркежанға, «Үздік әдебиетші» номинациясы Р.Марсеков ат. орта мектебінің 10 сынып оқушысы Елтаева Аяулымға; «Үздік тілші» номинациясы Өскемен қаласы №20 орта мектептің 11 оқушысы Төлеумұхаметова Анельге; «Шығармашыл тұлға» номинациясы Өскемен қаласы №3 орта мектеп оқушысы Амангелді Назеркеге; «Сөз зергері» номинациясы Жанаева Алтынайға; «Білімпаз» номинациясы Өскемен қаласы №44 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрланова Талшынға; «Әдебиет майталманы» номинациясы Өскемен қаласы №20 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қайратқызы Лаураға; «Үздік филолог» номинациясы Өскемен қаласы №3 орта мектеп оқушысы Төлеуханова Әселге берілді.

Олимпиадаға қатысқан оқушыларды дайындаған пән мұғалімдеріне университет әкімшілігі тарапынан алғыс жарияланды.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo