Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының басталғанын хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет.
Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі.
Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойыншаакадемиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтарұсынылып отыр.
Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуғаQS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретінжәне Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие138 жоғары оқу орны бекітілген.
https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/perechen-prioritetnykh-spetsialnostej.html
https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/rekomendatsii/rekomendatsii-po-podgotovke-dokumentov.html