Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Болашақ заңгерлер криминалисттермен кездесті

7 қарашада С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері және Жоғары колледждің «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттері  ШҚО ІІД Жедел криминалистикалық басқармасының жұмысымен танысты.

Криминалистикалық есеп және техника бөлімінің бастығы, полиция майоры Жақсылық Каликарманович Көрпебаев полиция және прокуратура қызметкерлерімен оқу-жаттығу сабақтары өткізілетін бөлмелерді көрсетті.

Студенттер Қазақстан криминалисттері қылмысты ашу үшін қолданатын жаңа криминалистикалық құрал-жабдықтар жайлы толық мағлұмат алды. Жақсылық  Каликарманович оқиға болған жерден саусақ ізін, биологиялық микробөлшектерді, иіс белгілерін алудың тәсілдерін,  3D бейнекамерасымен жазба жүргізу әдістерін көрсетті, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Криминалистикалық орталық меңгерушісі Батырбекова А.

Қазақ
× You found a Typo