Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен ҚАЕУ-дің заң факультеттерінің студенттері және «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері үшін ашық есік күнін өткізді.
ШҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Жігер Байділдин студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары, «Антикор» орталығы, мекемеге жұмысқа орналасу тәртібі туралы айтты.
– Мақсат – қызметіміздің міндеттерін түсіндіріп, қатарымызды жас, сауатты мамандармен толықтыру, – деді Ж. Байділдин.
Студенттер жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуы, аталмыш мекемеде іс-тәжірибеден өту шарттары туралы сұрап біліп, іс-шара үшін алғыс білдірді.
Баспасөз қызметі