Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Болашақ заңгерлер Судьялар одағының төрағасымен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құқықтану мамандығында оқитын студенттер «Altai jastary» студенттер телерадио кешенінде Судьялар одағының төрағасы Мұсабек Әлімбековпен кездесті.

ШҚМУ-да төрт елдің медиаторлары қатысқан «Медиация – заман талабы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Осы шара аясында оқу орнында оқып жатқан болашақ заңгерлер Мұсабек Тұрғынбекұлымен сұхбаттасып, сұрақтарын қоя алды.

Сұхбатта медиацияның қазіргі жағдайы, даму болашағы, бітімгерлік шаралардың нәтижесі, татуласу, келсімге келу рәсімдері туралы сөз болып, жастар пікірлерімен бөлісті. Төраға студенттер сұрақтарына тұщымды жауап беріп, Абайдың «толық», «кемел» адам қасиеттерін дарытуды міндеттеді, сонда ғана кез келген адамның қоғамнан өз орнын таба алатынын айтты.

 Сұхбат соңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген қонаққа алғыс білдіріп, «Абай» атындағы төсбелгіні кеудесіне тақты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo