- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы мен Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының ұйымдастыруымен 23 ақпанда ШҚО мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында «Болашақ журналист» атты олимпиада өтті.
Олимпиадаға облыс мектептерінен 20 оқушы қатысып, 3 кезеңнен тұратын сайысқа өз білімдерін ортаға салды.
Олимпиада салтанатты түрде ашылып, кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор А.М. Картаева оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Олимпиада нәтижесінде І орынды Үржар ауданы, «Қарқол» орта мектебінің 11 сынып оқушысы Болатова Ұлжан жеңіп алды. ІІ орынға екі орын тағайындалып, ДБА Жамбыл атындағы мектептің оқушысы Біләлов Ертаймен, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің оқушысы Нұрланова Талшын бөлісті. ІІІ орынға үш орын тағайындалып, Алғабас орта мектебінің оқушысы Ақанова Ақерке, Ұлан ауданы Р. Марсеков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Алмасбек Сая және Өскемен қаласы әкімдігінің «№8 орта мектебі» КММ оқушысы Томанова Зарина иеленді. «Журналистика» мамандығын таңдаған оқушылар олимпиадаға жоғары дайындықпен келгендіктерін көрсетті.
Олимпиада соңында аталған мамандық студенттері өнерлерін көрсетті. Сондай –ақ олимпиада қатысушылар да өз өнерлерін ортаға салып, жылы лебіздерін білідіріп жатты.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы