Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Болашақ журналист» атты пән олимпиадасы өтті

ШҚМУ-дың Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында журналистика мамандығы бойынша «Болашақ журналист» пән олимпиадасы өтті. Жарысқа 12 мектеп оқушысы қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды. «Таныстыру» кезеңінде «Мен болашақ журналистпін» тақырыбында презентация көрсетіліп, оқушылар өздерін таныстырды. «Жас публицист» кезеңінде «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында эссе жазды. «Дода» кезеңінде «Тура биде туған жоқ»  мақалының мағынасын ашып, ойын жинақтап, 2 минутта өздерінің топ алдында сөйлей білу және шешендік қабілеттерін танытты.

Ұйымдастырушылардың мақсаты – журналистика мамандығына қабылданатын болашақ жас журналистердің талаптарын ашу, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру. Журналист атанамын деп келген оқушылар мамандыққа деген қызығушылықтарын көрсетіп, қатарластарымен жарысты.

Сайыс барысында оқушылар білімдерімен қатар, сөз саптау шеберліктерін айқын көрсетті. Бұған дәлел – «Дода» кезеңі.

Қорытындысында бірінші орынға Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Айым Бейсенғазықызы лайық деп танылды. Екінші орын Көкпекті ауданы Октябрь мектебінің 11 сынып оқушысы Айғаным Жаңбырбаеваға, Өскемендегі №45 орта мектептің 11 сынып оқушысы Әйгерім Шәріпхановаға бұйырды. Үшінші орынды Өскемен қаласындағы №44 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Аяжан Аязбекова мен Еркежан Әуесбекова, Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектептің 11 сынып оқушысы Еркежан Мұхтарбекова қанжығаларына байлады.

Сондай-ақ, «Ділмар», «Қаламы қарымды», «Үздік жас журналист» номинациялары тағайындалды. Барлық қатысушыларға сертификат, ұстаздарына алғыс хаттар табысталды. Жарыс тілші боламын деген оқушыларға бағыт берді.  

Гүлсезім Шайхынова,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo