Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Болашақ журналистер «Дидар» газетінің редакторымен сұхбаттасты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «ALTAI JASTARY» телерадиокешенінде «Дидар» газетінің бас редакторы Уәлихан Тоқпатаевпен кездесу өтті.

Уәлихан Дөшкенұлы сұхбатында өмірбаяны, ұстаздары, шығармашылығы туралы сөз қозғап, жауапкершілігі жоғары, қиындығы мен қызығы қатар жүретін тілші мамандығының көтерер жүгінің ауыр екенін баса айты.

«Интернеттегі сайттардың күн санап артуына байланысты баспасөзді ешкім оқымайды» деген пікірге орай газет пен журналдың «тасқа басқан таңбадай» өз орны жоғары екенін, кез келген тарихтың осы баспасөзден нақты қаралып жазылатынын, ақпарат алатынын айтып берді.  

Журналистика мамандығының студенттері сұрақтарын қойып, мағыналы жауап ала алды. Кездесу соңында болашақ журналистерге «әрбір журналистің қоғам қайраткері болуы керектігін» қадап айтып, «заманға сай, бәсекеге қабілетті, өз мамандықтарының майталманы болыңдар» деген тілегін білдірді.

Ләззат Қанатқызы,

журналистика мамандығының 2 курс студенті 

Қазақ
× You found a Typo