Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Болашақ журналистер дизайнер ретінде шыңдалды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да журналистика мамандығының 4 курс студенттеріне медиадизайн пәні бойынша «Дизайнерлік бағдарламалардың ерекшеліктері» парктикалық ашық сабағы өтті.

Сабақты өткізген оқытушы Назгүл Чыншеваның айтуынша, мақсат – студенттерді БАҚ-та қолданылатын компьютерлік бағдарламалармен таныстыру.

Сабақта әр студент Adobe InDesign, Adobe Photoshop, Adobe Audition, Adobe Premiere Pro және Adobe Effects бағдарламалары мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, болашақ журналистер Adobe InDesign бағдарламасын пайдалана отырып, өздерінің авторлық газет жобасын қорғап шықты.

Атап айтқанда Әділхан Есімханов «Shyqys sport» атты 8 беттік газеттің жобасын көрсетті. Бұл газеттік жобаның электрондық нұсқасы баспа түрінде жарық көріп, ары қарай ай сайын шығарылуға ұсыныс тасталды.

Облыстық «Дидар» газетінің жоспарланатын макетінен бастап, баспадан басылып шыққанға дейінгі жұмысымен таныстырылса, Шығыс Қазақстанның кино өнімдерін дамытуды қолға алып жатқан жас дизайнер, режиссер Арман Сапиолда студенттермен жұмыс барсындағы іс-тәжірибелерін бөлісті. Қазір белсенді ақппарат таратудағы «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің SMM бөлімінің мамандары дизайндағы визуалды және кретивті ойларын жеткізді.

Ашық сабақта берілген теориялық және практикалық материалдың нәтижесі болашақ журналистердің дизайнер ретінде шыңдауға өз септігін тигізері анық.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo