Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Болашақ журналистер имаммен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Алтай жастары» телерадио кешінінде ардагер журналист Айтмұхамбет Қасымовтың ұйымдастыруымен Мұхамади мешітінің бас имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлымен сұхбат өтті.

Сұхбатқа университет проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Толамысов пен журналистика мамандығының 1-4 курс студенттері қатысты.

Сұхбат тізгінін 3 курс студенті Әділ Әуезханов ұстады. Қажы студенттерді қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап беріп, жалпы дін тарихын, ислам дінінің қалыптасуы мен ұстанатын бағытын айтып өтті. Кездесу соңында жастарға жылы лебізін білдіріп, естелік суретке түсті.

Ляззат  Қанатқызы,

журналистика мамандығының 2 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo