Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Болашақ журналистер Марат Шорановпен сұхбаттасты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов «ALTAI JASTARY» студенттер телерадио кешенінде қонақта болды.

Бұл сұхбатқа мұрындық болған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы мен бас маман А. Нұртаева. Жобаның мақсаты – жауапкершілігі жоғары қызметтегі, өз ісінің майталмандарының жеткен жетістігін айтып, еңбегін көрсетіп, жастарға үлгі етіп, жаңа мотивация беру.

Марат Едігеұлы сұхбат барысында денсаулық сақтау саласындаға жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, өз қызметінің жауапкершілігі жоғары екенін, аурухана менеджментін дамытумен тікелей айналысып, ұйымдастырушылық және экономикалық мәселелер жайын қарастырып,  басшылық қызметімен қатар, өзінің ғылыми жобаларын іске асырып жүргенін атап өтті. Жұмыстағы жақсы көрсеткіштері үшін 2008 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», 2014 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған екен. Жас басшы бұл жетістіктер еңбектің жемісі екенін айтты.  

Сұхбат соңында студенттік шағындығы қызықты сәттерімен бөлісіп, журналистика мамандығының студенттеріне жылы лебізін білдірді.

Н. Чыншаева,

«ALTAI JASTARY» медиаорталығының шебері

Қазақ
× You found a Typo