Бүкіләлемдік радио күніне орай ШҚМУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушысы Н. Чыншаеваның жетекшілігімен журналистика мамандығының 1-2 курс студенттері Өскемендегі 23 жылдық тарихы бар «Микс» радиосында қонақ болды.
Келешек журналисттер тікелей эфирде берілетін «Көңілді күн» бағдарламасының сұхбатына қатысып, жаңалықтарды, құлақ құрышын қандыратын әндерді жеткізіп, тыңдармандарға ерекеше көңіл күй сыйлайтын радио жұмысымен танысты.
Студенттер сұхбатта аймаққа таралатын «Микс» радиосының білікті тілшісі М. Айдархановамен және тәжірибе жинақтаушы Айбек Манатбекұлымен бірге радио әлемін тілге тиек етті. Болашақ журналистер əуе толқынында дауысты ойнату, қою, ойды жинақтап жеткізу жөнінде сұрақтар қойды.
Сұхбат соңында жас журналистер «Микс» радиосының ұжымын мерекелерімен құттықтап, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлегеннің арнайы құттықтауын оқып берді.
Ақтолқын Жансапова,
журналистика мамандығының 1 курс студенті