Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Болон процесі және академиялық ұтқырлық» атты дөңгелек үстел

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастырумен сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білімдерін жетілдіріп келген Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері мен бізде оқып жатқан ҚХР Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық институтының студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Пікірлесімде білім мазмұнының жаңаруы жағдайында ЖОО халықаралық байланыстары, мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін полилингвальды тәсіл негізінде қалыптастыру, шетелдік студенттерді оқытудағы өзіндік ерекшеліктер туралы кафедра оқытушылары А.Қ.Сейпутанова, Б.Н.Бияров, А.Ә.Әлімхан, К.А.Апышева, Ж.Қ.Қайырбаева өз ойларын ортаға салды.

ШҚМУ шетелдік студенттер көзімен қандай екенін Ван Дзили, Ли Чендзюннанның пікірлерінен білдік. Олар біздегі білім берудің жүйелілігін, оқу мен тәрбиенің сабақтастығын, студенттер үйінің жайлылығын, оқытушылардың өздеріне деген қамқорлығын тілге тиек етіп, ризалықтарын білдірді.

Сондай-ақ Құлжадағы ЖОО оқып келген Ш.Молдашева, Г.Толымханова, Т.Әбдіхани т.б. студенттер академиялық ұтқырлықтың жеке даму мен жұмысқа орналасу мүмкіндігі үшін маңыздылығын әрі ұлтжандылыққа тәрбиелейтінін, өзге мәдениеттерді игеруге мүмкіндік беретінін әңгімелеп, лингвистикалық плюрализм мен жоғары оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге ынталандыратынын айтты. Өздеріне осындай жағдай жасаған университет басшылығына алғыстарын білдірді.

Қ.Барбосынова,

қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo