С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген бастаған топ Бородулиха ауданында болды.
Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мектеп түлектерінің облыстан тысқары кетуін қысқарту мақсатындағы «Білікті маман» бағдарламасын іске асыру аясында ШҚМУ ұжымы Бородулиха ауданына барды.
Кездесуде білім беру саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Кәсіби бағдар беру жұмысы диалог алаңы форматында өтті, оған 200-ден аса оқушы ата-аналарымен қатысты. Кездесуде факультеттердің, білім беру бағдарламаларының тұсаукесері өткізіліп, қабылдау ережелері, оқу мүмкіндіктері мен артықшылықтары түсіндірілді, университет студенттері ұйымдастырған концерт ұсынылды.
Фото https://cloud.mail.ru/public/NAMb/ft4M8CXq8
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы