Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Бәріне арналған мектеп» Қорының мамандары ШҚМУ негізінде инклюзивті білім беру бойынша тренерлердің тренингісін өткізді

11-13 тамыз аралығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ негізінде тренерлермен инклюзивті білім беру бойынша аймақтық үшкүндік тренинг өтті, аталған тренинг «Бәріне арналған мектеп» Қоғамдық Білім беру Қоры (Алматы қаласы) және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ серіктестігінің  ұйымдастыруымен өтті.

Тренингке инклюзивті білім беру координаторлары, Қазақстан Республикасының Астана, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Семей, Өскемен қалаларындағы жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары қатысты.

Тренерлермен инклюзивті білім беру бойынша тренингке 10 жоғарғы оқу орны (С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті, Қазақстан-Америка Еркін университеті, Өскемен қаласының Қазақ гуманитарлы-заң инновациялық университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Тұран-Астана Университеті, Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. Инновациялық еуразиялық университет) және Қазақстан Республикасының 3 колледжі (Шығыс Қазақстандық гуманитарлы колледжі, Семей қаласының бизнес және қызмет көрсету колледжі, Абай Құнанбаев атындағы Сараң гуманитарлы-техникалық колледжі) қатысты. Тренингке педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен Қазақстан колледжерінен басқа Шығыс Қазақстан облысының Білім беру басқармасы «Шығыс» Аймақтық орталығының «Инклюзивті білім беру» кабинетінің меңгерушісі Ринат Макенұлы Жакашев қатысты.

«Бәріне арналған мектеп» Қоры 2013 жылдан бастап, жобалар шеңберінде, инклюзивті білім беру технологиясы бойынша жоғарғы мектеп мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыруды жүзеге асырады, («Инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық» жобасы, «ҚР жоғарғы мектеп жүйелеріндегі инклюзивтік білім беруді мазмұндық-әдістемелік қамтамасыз етуді іске асыру» жобасы).

Өткен жылда «Бәріне арналған мектеп» Қорының арқасында, қордың директоры Закаева Гульбадан және оның координаторы Искакова Айгүлдің көмегімен Қазақстан Республикасының 400–ден астам жоғарғы оқу орындары (қазақ және орыс тілдеріндегі) инклюзивті білім беру методологиясымен өздерінің білімдерінің деңгейін жоғарылатты, инклюзивті білім беру тематикасын есепке алғандағы тренерлік технологияның модификациясы және бейімделу тәсілдерін қолдануды, оқыту техникасын меңгеруді үйренді, бұл бағытта кәсіби біліктіліктерін жақсартты.

2017 жылы Қор «Инклюзивті білім беру бойынша аймақтық тренерлерді дайындау» жобасын іске асырады, оның мақсаты Қазақстанның педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледжерінің оқытушылары ішінен инклюзивті білім беру бойынша тренерлер командасын даярлау. Аталған жоба шеңберінде 2017 жылдың мамыр айында Астана қ. Назарбаев университетінде осындай тренингтің бірі өтті.

Аталған тренингті ШҚМУ-де өткізу «Бәріне арналған мектеп» Қорының ұсынысының арқасында жүзеге асты, Өскемендегі тренинг ШҚМУ-мен серіктесіп, бірінші проректор Анар Базаровна Мырзагалиеваның және оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректор Ирина Владимировна Ровнякова атынан ШҚМУ проректоратының белсенді әкімшілік қолдауының көмегімен өтті.

Тренинг Светлана Александровна Стельмах пен Жанар Утегеновна Смаилова атынан психология мен коррекциялық педагогика кафедрасының ұйымдастыру көмегімен «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы және Біліктілікті бекіту орталығы негізінде өткізілді.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы,

«Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы,

Біліктілікті бекіту орталығы

Қазақ
× You found a Typo