Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Бүгін» мен «ертең» кездессе...

Жуырда «Егемен Қазақстан» газеті әлеуметтік және білім бөлімінің меңгерушісі Думан Анаш, сондай-ақ, аталған газеттің шығыстағы меншікті тілшісі Азамат Қасыммен журналистика мамандығының студенттері сұхбат құрды.

Жастармен қауышуға асыққан бүгінгі журналистиканың майдан ортасында жүрген қос журналист оқу ғимаратының алдында сәл бөгеліп, терең бір тыныстады да, ішке жылдам басып еніп кетті. Студенттік шақ – өмірдің екі келмес тәтті шағы екендігін еріксіз мойындасқандай еді.

Әлден уақытта кездесуге көптен дайындалған студенттер көкейтесті сұрақтарын лек-легімен жолдап, ол сұрақтарға Думан Анаш пен Азамат Қасым маман ретінде кезекпе-кезек жауап қатысып жатты.

Журналистке жақсы материал жазу үшін не қажет; дерек көзіне қалай қол жеткізуге болады; ол дерек қаншалықты сенімді; журналистік зерттеу жүргізу үшін тілшінің білімі қай деңгейде болуы керек; журналистік принцип деген не – мінеки, осындайлық көптеген сұрақтар қамтылды бүгін.Мектеп қабырғасынан бастап-ақ «Жас Алаш», «Түркістан», «Ана тілі», «Аргумент и факт», «Известия», «Айқын», «Алаш айнасы» сынды басылымдарды күнбе-күн оқып, жер-жиһанға сауатты саяхат жасауға дағдыланған ағалардың журналистикаға қандайлық ізденіс, зор еңбекпен келгендігі болашық мамандарға үлгі болды бүгін.Ертеңгі қаламұстар жастар осы күнгі журналистикада не бар, ертең не керегін ойласты бүгін.

Сөз соңында тарих ғылымының кандидаты, профессор Марат Мағзұмов көзіқарақты оқырман ретінде газет төңірегінде сергек пікір айтып, кездесуді ыстық лебізімен түйіндеді.

Тасқын Болатұлы,

 журналистика мамандығының 2-курс студенті

Қазақ
× You found a Typo