Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!

Журналист – бұл тек терең білім мен біліктілікті ғана емес, сондай-ақ ерекше дарынды қажет ететін аса маңызды, қызықты әрі күрделі мамандық!

Бұқаралық ақпарат құралдарының бұрыннан-ақ төртінші билікке балануы да тектен-тек емес. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, қажырлы да жауапты еңбектеріңіз үшін, шынайы әрі табанды ұстанымдарыңыз үшін ризашылығымды қабыл алыңыздар!

Мақала, сұхбат, очерк жанрындағы туындыларыңыз, бейнерепортаждар мен фотоматериалдарыңыз үшін мың да бір алғыс айтамын!

Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында біз әрдайым соңғы оқиғаларды жедел естіп, жерлестеріміздің жеткен жетістіктерін біліп жүреміз, игі адамдардың өмір жолын танимыз, оларды үлгі-өнеге тұтамыз. Тілшілер қауымы расында да билік мен халық арасындағы алтын көпір іспетті.

Барлық асқақ армандарыңыз орындала берсін, жазған әрбір сөздеріңіз діттеген жеріне жетіп, табысқа жетелесін! Көрермендеріңіз бен оқырмандарыңыз көбейсін! Жұмыстарыңызда әрқашан сәттілік серік болсын! Мерекелеріңізбен!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo