Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» III Халықаралық жас ғалымдар форумы басталды

6 тамыз күні «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» III Халықаралық жас ғалымдар форумының жұмысы басталды.

Форумның ашылуына ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Министр өз сөзінде жас ғалымдарға ғылыми жобаларымен гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға шақырды.

«Жас ғалымдардың ғылыми жобаларын қолдаумен қатар, біз оларды ғылымды басқару мәселелеріне тарту бойынша шаралар қабылдаймыз. Министрлік жанында Жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Жас ғалымдар, оның ішінде Кеңес мүшелері 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын талқылауға белсенді қатысуда", - деді министр.

Форумның алғашқы күнінде инновациялық жобалар мен стартаптардың көрмесі өтті.

Шара аясында пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер, тренинг-әңгімелер (open space), форсайт-алаңдар, нетворкинг-сессиялар, "менің жетістігімнің тарихы" уәждемелік кездесулер, интерактивті семинарлар , сондай-ақ, ғылым мен білім берудің түрлі бағыттарының базалық трендтерін танымал ету бойынша тренингтер және т. б. 10-нан астам іс-шаралар өтеді.

Биыл "Burabay Forum"-ға Қазақстан, Армения, Белоруссия, Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Франция елдерінің жас ғалымдары қатысады. Форумның мұндай құрамы төрт күндік слет барысында талқылауды жоспарлап отырған өзекті мәселелерге байланысты .

Ғылыми іс-шара Ақмола облысында жалғасын табады, онда секциялық отырыстар мен ғылымның түрлі бағыттары бойынша пікірталас алаңдары өтеді. Жастары форумы 9 тамызда аяқталады деп жоспарланып отыр.

http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=12068&#

Ресми интернет-ресурс Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ
× You found a Typo