С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Ғылыми кітапханасында жыл сайын «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтеді. Былтыр 1800 дана кітап осылай жиналды.
Сыйлаушылар қатарында ШҚМУ оқытушылары, ғылыми, қоғамдық ұйымдар, жеке адамдар бар. Ол еңбектермен ғылыми оқу залындағы (№1 оқу ғимараты, 299 дәрісхана) тұрақты көрмеден танысуға болады.
Біз бүгін оқырмандарды тарихшы Сұлтан Әкімбековтің «Ресей империясы құрамындағы Қазақстан», «Ауғанстан тарихы» кітаптарымен танысуға шақырамыз.
Бұл құнды сыйлықтар ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Альбина Жанбосынованың көмегімен алынып отыр.
Ғылыми кітапхана