С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары былтыр еліміздің 9 патентін алды, оның 8-і пайдалы модель, 1-і өнертабыс үшін алынған. Сондай-ақ, патент алуға 7 өтініш ұсынылған.
Патенттер тақырыбы: «Ортадан тепкіш сорғы», «Желкүшті қондырғы», «Алтын өңдеу тәсілі», «Химиялық талдауға арналған сынамалар әзірлеу тәсілі», «Кремний үлгілерін дайындау тәсілі», «Шағын су электр станциясы», «Престеуге арналған штамп», «Клондық көбейту әдісі», «Төзімді жабынды жағу тәсілі».
Ұсынылған өтінімдер тақырыбы – «Картоп тұқым шаруашылығының технологиясы», «Политетрафторэтилен алу тәсілі», «Регенерант өсімдіктер өсіру технологиясы», «Металл бұйымдар бетінің жабындысын алу тәсілі» және т.б.
Баспасөз қызметі