Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Цифрландырудың маңызына арналған дөңгелек үстелі өтті

24 мамырда Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «Экономиканың дамуында және мемлекеттіліктің қалыптасуында ғылым мен цифрландырудың рөлі» халықаралық дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелге факультеттің оқытушылары, ұлттық ғылыми зертхана қызметкерлері, магистрантар мен студенттер қатысты.

Модератор факультет деканы Досым Ерболатұлы қатысушыларды АҚШ-тан келген ғалым, Техас технологиялық университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы Нұршат Нұражұлымен таныстырды. Сонымен қатар, ол  Массачусетс технологиялық институтының құрметті ғалымы. Ғалымның әлемдік журналдарда 60-тан астам мақаласы жарияланды.

Д. Ерболатұлы баяндамасында университеттің ғылыми жетістіктеріне, жүзеге асырылған және қазір орындалып жатқан жобаларға тоқталды, факультеттің ғылыми жұмысын дамыту сұрақтарын қозғады.

Нұршат Нұражыұлы «Қазақстан мен АҚШ жоғары оқу орындарының ғылым мен білім саласындағы серіктестігі» атты баяндамасында Техас технологиялық университетінің ғылыми қызметімен таныстырды. Профессордың қалауымен сол университетте жабдықталған «Нұршат Нұражы» атындағы ғылыми-зерттеу тәжірибеханасы бар екенін айтып, оның мүмкіндіктерімен таныстырды. Нұршат Нұражұлы ШҚМУ-дың жас ғалымдарына көмек беруге дайын екенін айтты. Ол химия, материалтану салалары бойынша журналдарда редакторлар алқасының мүшесі ретінде және сарапшылық қызмет атқаратынын айтты.

Химия кафедрасының оқытушысы, PhD докторы М. Нықмұканова ШҚМУ-да химия ғылымының жағдайы және келешегі жайлы баяндап, кафедралар аралық және Техас технологиялық университетімен бірлесіп зерттеуге тақырыптар ұсынды.       

Физика-химиялық зерттеулердің сынақ зертханасының меңгерушісі, PhD докторы М. Әбілев «Зертхананы цифрлық жүйеге көшіру» баяндамасында зертхана мүмкіндіктерімен және жобаларымен таныстырды. Сонымен бірге, ғылыми қондырғаларды пайдалана отырып, виртуалды зертханалық жұмыстарды әзірлеуге кіріскені туралы айтты.

Математика кафедрасының профессоры, М. Мадияров «Цифрлық экожүйенің дамуы арқылы Қазақстан халқының өмір сапасын және экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру» баяндамасында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мәселелеріне тоқталып, факультет ғылымын дамытуға ұсыныстар берді.

Дөңгелек үстел нәтижелерін талқылауда қатысушылар ойларын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс жеткізді. Д. Ерболатұлы Нұршат Нұражыұлына қазақстандық ғалымдармен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды, мақалалар жазуды ұсынды. Қатысушылар Қазақстан жастарының, ғалымдардың шетелдің алдынғы қатарлы технологияларымен, ғылыми жетістіктерімен танысу, біліктіліктерін арттыру, халықаралық бірлескен жобаларды орындау, кафедрааралық зерттеулерді дамыту, ғылымды цифрландыру сияқты мәселелерді өзекті деп санап, оларды іске асыруға келісті.  

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo