С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасы «Цифрлық гуманитаристика» мамандығының 2 курс студенттері Президент Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын талқылады.
Ж. Ахмеров атындағы «Цифрлық гуманитаристика» кабинетінде студенттер Жолдау бөлімдерін қарастырып, маңызды мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салды.
Студенттер Жолдаудағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөліміне тоқталып, мұнда айтылған «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы, әлеуметтік қолдау, мұғалімдер жалақысының жоғарылауы, көпбалалы отбасыларды қолдау мәселелерін қызығушылықпен талқылады.
Сонымен қатар, соңғы уақытта қоғамда орын алған оқиғаларға байланысты Р. Жакпекова мен Д. Ахметбекова ұлтаралық қақтығыстарға байланысты баяндама жасап, танымдық слайдтарды таныстырды.
Кураторлық сағат еркін пікір алмасу түрінде өтті.
Қазақстан тарихы кафедрасы