Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «Медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыруда автоматтандыру және машиналық оқыту» пәнаралық конференциясы өтті, оған цифрлық технологиялар және модельдеу зертханасының қызметкерлері қатысты.
Пленарлық бөлімде МакГилл университеті (Монреаль, Канада) медицина факультетінің профессоры Нұрлан Дәулетбаев және Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Цифрлық технологиялар және модельдеу зертханасының меңгерушісі Әлия Нұғыманова баяндама жасады. Баяндаманың тақырыбы – «Медициналық онтологияларды автоматты түрде құруға арналған табиғи тілді өңдеу әдістері».
Конференция қорытындысы бойынша Horizon конкурсына пәнаралық жоба дайындау туралы шешім қабылданды.
Цифрлық технологиялар және модельдеу зертханасы