Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Creative science» клубы «Эврика» ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырды

Қараша айының 24-ші жұлдызында университетіміздің «Физика және технологиялар» кафедрасында «Creative science» ғылыми-зерттеу клубының ұйымдастыруымен «Эврика» ғылыми жобалар байқауы өтті.

Бұл байқауға кафедрамыздан 10 ғылыми жоба қатысқан болатын. Талантты да талапты студенттердің, жас ғалымдар мен магистранттардың арқасында байқау жоғарғы дәрежеде өтті. Байқауға ЖҒжәнеТО факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты – Темірбеков Н.М., техника ғылымдарының кандидаты – Ерболатұлы Д., философия ғылымдарының кандидаты – Бектасова Г.С., физика және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы – Жапарова М.С. әділ қазылық етті. Байқау нәтижесі бойынша қатысушылар алғыс хаттармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі үшінші орынды – Талап Бибихан, Мұхамедова Ләззат, Панабек Арайлым, Фарамураз Ерасыл, Голитовская Полина иеленсе, екінші орынды – Далабаев Тілеубек және Тружников Владислав қанжығаларына байлады. Ал бірінші орынды иеленген «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2-курс магистранты – Досмұрат Нұрлан. Бұл байқаудағы әрбір жоба өзінің жаңашылдығымен, тың мағұлматтарымен, заманауи өзектілігімен ерекшеленеді. Байқаудың басты мақсаты төмендегідей:

  • Университетіміздің ғылыми және инновациялық потенциалын дамыту;
  • Студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың үздік жобаларын анықтап, қолдау көрсету.

Кафедрамызда «Creative science» ғылыми-зерттеу клубының ұйымдастыруымен тағы да осындай жоғары дәрежедегі іс-шаралар өтеді деген үміттеміз.

«Creative science» ғылыми зерттеу клубы

Қазақ
× You found a Typo