С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «Creative science» клубында «Scientists» ғылыми ой тапқырлық командалық сайысы өтті.
«Scientists» ғылми ой тапқырлық командалық сайысын Физика кафедарсының «Creative science» ғылыми клубы онлайн форматта, Kahoot бағдарламасы арқылы өткізді.
Ойын сұрақтары жаратылыстану саласына үлес қосқан ұлы тұлғалар, ғалымдар туралы болды. Жыл командасын анықтау мақсатында клуб мүшелері 3 командаға бөлінді. Жалпы саны 27 адам қатысты. Көптеген студенттер жоғарғы нәтиже көрсетті. Осы сайыс нәтижесінде 3 команда да алда келе жатыр.
Жаратылыстану ғылымдары
және технологиялар факультеті