Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Дефектология» мамандығының студенттері түзету педагогикасы саласындағы мамандармен кездесті

13 мамырда оқу іс-тәжірибесі аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Дефектология» мамандығының студенттері «Зияткер» ҒБО негізінде Zoom платформасында түзету педагогикасы саласындағы мамандармен кездесті.

Кездесуге 49 адам қатысты. Сондай-ақ, «Асыл Мирас» аутизм орталығының аға супервайзері Динара Дүйсембинова және «Аниет» мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Лира Жалаушинова атсалысты.

Студенттер көрсетілген слайдтар мен видеолар арқылы дефектолог-мұғалімнің, тәрбиешінің, логопедтің жұмысының ерекшеліктерімен таныса алды, осы тәрбиеленушілермен жұмыс жасау кезінде мұғалімдердің қажетті кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру туралы білді.
Студенттер сарапшылармен белсенді сұхбаттасып, қызығушылық тудырған сұрақтарын қойды. Кездесуге жұмысқа орналасу және болашақ мамандығы бойынша мансаптық өсу туралы сұрақтар қойған бітіруші курс студенттері де қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo