Педагогика, психология және мәдениет факультетінде «Дене шынықтыру және спорт» және «Дефектология» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттерімен онлайн-кездесу өтті.
Кездесу барысында ППжМ факультетінің деканы Г.Б. Күленова, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М. Бөлекпаев, Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы меңгерушісінің м.а. Г.У. Тұрарова сөз сөйледі.
Кездесу барысында онлайн режимінде оқу процесін ұйымдастыруға, оқу ақысын төлеуге қатысты мәселелер талқыланды.
Студенттердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Педагогика, психология және мәдениет факультетінің деканаты