7 желтоқсанда С. Аманжолов атындағы ШҚУ Денсаулық сақтау пунктінің медицина қызметкерлері тексеру жүргізді.
Тексеру нені көрсетті? Бригада 3 адамнан тұрады, жұмысқа рұқсаты бар санитарлық кітапшалар бригаданың барлық мүшелерінде бар, арнайы киіммен қамтамасыз етілген, дезрежим сақталады, үстелдер «Деохлор» құралымен өңделеді, ыдыс жуу – 3 сатылы, жуу құралдары жеткілікті мөлшерде болады. Барлық ас үй жабдықтары белгіленген. Тоңазытқыштарда кешегі тамақ қалдықтары жоқ. Тамақ қалдықтары күн сайын шығарылады. Көкөністер бөлек қоймада сақталады. Өнімдердің тауарлық көршілестігі сақталады.
Таратуда – ыстық тағам. Тағамдардың жеткілікті ассортименті бар. Бағалары – қалыпты.
Денсаулық сақтау пунктінің медициналық қызметкерлері карантин кезеңінде күшейтілген санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыруға, бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтық режимін сақтауға кеңес береді.
Денсаулық сақтау пункті