Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Дидар» газетінің тарихымен танысып қайтты

Өңірлік басылымдардың тарихын білу болашақ журналист үшін міндет. Осы орайда қыркүйек айының 13 күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың журналистика мамандығының үшінші курс студенттері облыстық «Дидар» газетінің мұражайында болып қайтқан еді.

Бірі баспасөз, бірі көгілдір экран ар жағынан ақпарат таратамын деп бекініп келген жастар түс ауа шаһардағы «Шығыс-Ақпарат» медиахолдингінде бас қосты. Барлығын «Дидар» газетінің мұражайында белгілі жазушы, танымал журналист Айтмұхамбет Қасымов күткен болатын. Болашақ журналист қауымы қаламы мен қойындәптерін қолдарына алған бойда Айтмұхамбет аға  сөзін бастап та кетті.

Газеттің алғашқы бастауы болып саналатын Риддерде 1931 жылы «Жұмысшы» газетінің өмірге келуіне қазақ жұмысшы табының сол  көптеп шоғырлануы негіз болған екен. 

 –Бұл басылымды шығарып бастаған Мақсұт Тайшыбев еді. Оны екі-үш ай  «Егемен Қазақстан» газетінде практикадан өткізіп, осы жаққа «Жұмысшы» газетін шығаруға жіберген. Жоқтан бар жасай отырып, 1931 жылы 24 қазанда аталмыш газеттің бірінші нөмірі жарық көрді, – деді белгілі журналист.

Одан ары газеттің атауы өзгеріп, әр жылдары «Социалистік Алтай», «Алтай большевигі», «Коммунизм туы» деп атауы өзгеріп шығып отырған. Тек 1991 жылдан бері «Дидар» деген атпен жарық көріп келеді. Осы жылдар аралығында бірқатар елге белгілі жазушылар мен қарымды қаламгерлер қызмет істегенін айта кеткен орынды. Студенттерді ерекше қызықтырған газет шығаратын станок болды.

Газеттің әр беті үлкен еңбекпен шығарылатынын көріп, болашақ журналистер түрлі сауалдар қойып жатты.

 – Мұндай жұмыс көп уақытты қажет ететін. Редакциядан кейде таң ата, кейде одан кеш шығып жүрдік. Кассамызда арнайы  терушілер отыратын. Олар өз жұмысын ұршықша иіретін жандар еді. Әріпті қарамай тергенде, жылдамдығына қайран қалатынбыз, – дейді Айтмұхамбет аға. Газет тарихына біршама қанық болған студенттер  жемісті еңбегі нәтижесінде иеленген мадақтама қағаздарымен де таныс болды. Қазіргі компьютердің бұрынғы нұсқасы болған баспас мәшинелері де сол кезеңнің басты құралы болғанын белгілі жазушы тағы бір айтып өтті.

Осыдан барып, Айтмұхамбет аға сөзін тәмәмдап, барлығы бір кісідей «Дидар» газетінің бас редакторы Уалиханның Тоқпатаевтың жұмыс бөлмесіне жол тартты.

Ол жерде тілші қауымы газеттің қазіргі тіршілігімен танысып, бүгінде мақалалар қандай айдарлармен шығатын білді. Шағын эксурсия соңына таяған тұста газеттің жілігін шағып, майын ішкен қос азамат жастарға жылы лебізін білдіріп, артынша естелік суретке түсті.

Әділхан Есімханов

Қазақ
× You found a Typo