Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Ділмар» дебат клубы Өскемен политехникалық колледжінің пікірсайысшыларымен ойын өткізді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Ділмар» дебат клубы Өскемен политехникалық колледжінің пікірсайысшыларымен онлайн режимінде жолдастық ойын өткізді.

Әлемді жайлаған індет адамдардың өмір салтын өзгертті. Бұрынғыдай жүзбе-жүз отырып сұхбат жасаудың өзі бір бақыт екенін түсініп жатырмыз. Бұл жағдайдың қашан бітері белгісіз. Бұдан адамдар қандай деңгейде шығады? Карантинде жатып, төрт қабырғаға қамалып, көйлегі көк, тамағы тоқ болып, рухани азып шыға ма?! Әлде, бұрын айналысуға уақыты болмай жүрген жаңа нәрселермен шұғылданып, өзін басқа қырынан сынап дамыта ма?!

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Ділмар» пікірсайыс клубының таңдауы – жасампаздық. Яғни, қандай жағдай болмасын тұлғалық дамуды тоқтатпау. Бүгінде бар мүмкіндікті пайдаланып, онлайн жиналыстар жасап, пікірсайысшылардың жаңа легін қабылдап үлгерді.

4 қазанда «Арыстар аманаты» клубымен «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында жолдастық онлайн ойын өткізді. Ойын Ғабит Мүсіреповтің: «Бізге қарны тойса, қалғып кетпейтін ұрпақ керек!» деген сөзімен аяқталды. «Ділмар» клубының үйлестірушісі Ақерке Құрманбек жаңадан қатарға қабылданған пікірсайысшылардың қашықтан оқуға қарамастан мол тәжірбие жинақтап, сөз саптау шеберліктерін шыңдай алатындарына сенім білдірді.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo